Холдинг жайлы

TURKISTAN MEDIA
HOLDING

   2019 жылдың 11 шілдесінде Түркістан облысы әкімінің қаулысымен «Turkistan media holding» құрылды. Алдағы күндері холдинг  ғимаратына облыстық үш газет, атап айтқанда,  «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан» және «Жануби Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газеттері келіп, толық орналасатын болады. 
            2020 жылдың желтоқсан айында  «Түркістан» телеарнасы ашылып, медиахолдинг құрамын толықтырады деп күтілуде. Телеарнаға қатысты құжаттарды реттестіру жұмыстары  жүргізілуде.
       Бір сөзбен айтқанда, елдің ерекше аймағы саналатын Түркістандағы бұқаралық ақпарат құралдарына арналған медиа орталық 2020 жылы түркі елдерінің «МАСС» медиасымен иық тірестіре еңбек ететін қолайлы орын болмақ. Сонымен қатар, орталық жаңа идеялар тоғысатын ордаға  айналып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. 
      Түркістан қаласында заманауи үлгіде бой көтерген 4 қабатты «Медиа орталық» ғимаратының жалпы аумағы 4160 шаршы метрді құрайды. Аталған нысанның құрылысын Алматы қалалық құрылыс басқармасының тапсырысымен «BI Group» құрылыс компаниясы жүргізді.  
        Зәулім ғимараттың басым бөлігі (1064 шаршы метр) жаңадан ашылатын республикалық «Түркістан» телеарнасына беріледі деп күтілуде. Орталықтың ішінде заманауи жабдықтармен қамтылған жалпы аумағы  160 және 110 шаршы метрді құрайтын екі  үлкен және 75 шаршы метрлік кіші студия бар.
       Сондай-ақ, әр қабатта  редакторлар кабинеті, 4 бейнемонтаж, жеке дыбыс жазу және радио студиясы орналасқан.  Сонымен қатар, медиаорталықтағы  өңірлік  коммуникация қызметі - облыс тұрғындарын ресми ақпаратпен қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда залдың толық техникалық жабдықталуына тапсырыс жасалуда. 
Орталыққа «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан» және «Жануби Қозағистон» облыстық қоғамдық-саяси газеттерінің редакциясы жайғасады.           Бұдан бөлек, орталықта республикалық БАҚ құралдарының Түркістан облыстық меншікті тілшілер қосындары орналасатын болады.  
         Осы мақсатта «Медиа орталықта» 120 адамға лайықталған асхана мен 100 орындық мәжіліс залы қарастырылған. Жалпы алғанда мұнда келешекте 270 адам жұмыс істейді.

КРАТКАЯ ИНФОРМАЦИЯ О ПРОЕКТЕ       

 

-ОБЩАЯ ПЛОЩАДЬ ЗДАНИЯ- 4160 М2

-ЭТАЖНОСТЬ ЗДАНИЯ- 4 ЭТАЖА

-КОЛИЧЕСТВО РАБОЧИХ МЕСТ В ЗДАНИИ- 246 ЧЕЛОВЕК

 

     

 

 

 

 

 

 

Медиа-центр  включает в себя:       

                             

  • конференц-зал - 1
  • телестудии – 3
  • радиостудия-1
  • декорационный карман - 1
  • гримерная - 1
  • помещения Audio и Video монтажа - 4
  • офисные помещения редакций - 5
  • помещения администрации - 11
  • брифинг-центр
  • кофейня

 

 

 

 

 

Телеканал будет оснащен самым современным телевизионным оборудованием.  Собственное вещание составит 18 часов, зона покрытия – Республика Казахстан.

После запуска телеканала в планах открытие собственной радиостанции.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Оперативное информирование                                      
  • Доступность широким слоям населения
  • Низкие затраты на содержание
  • Коммерческая деятельность и самоокупаемость
  • Минимальная себестоимость производства