Руководство

Руководство



Генеральный директор

Бердимуратов Бауыржан Камбарович

 

1974 жылы  4 маусымда Түркістан облысы, Ордабасы ауданында дүниеге келген. 1991-1995жылдары   Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінде филология мамандығы бойынша білім алған. 2008жылы  М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Экономика және басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында редакторлықтан бастап, басшылық қызметке дейін еңбек еткен.1995-1998 жылдары Қ.Сәтбаев  атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті «Қазақ тілі» кафедрасында  аға оқытушы болып қызмет атқарған.

2000 жылы «Рахат-тв» ТТ ЖШС редактор. 2009 жылы «Рахат-тв» ТТ ЖШС (СТВ) бас редактордың орынбасары. 2010-2015 жылдары директор-бас редактор . 2016 -2018 жылдары ОҚО әкімінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары. 2018-2019 жылдары «Қазақстан»РТРК» АҚ Оңтүстік филиалының директоры.

2019 жылдың наурыз айынан бастап «Қазақстан»РТРК» АҚ  Түркістан облысындағы өкілі.

2008 жылы «10 жыл Астана»медалі. 2011 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл және Холдинг 5 жылдығына арналған «Агро-PR» байқауының жеңімпазы. 2013 жылы ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі Құрмет грамотасы. 2017 жылы ОҚО әкімінің Алғыс хаты. 2019 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған.

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Первый заместитель Генерального директора

Кенжетай Сапарғали Тұрсынбайұлы

 

1978 жылы 12 ақпанда Қызылорда обылысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 2000-2004 жылдары Хожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірген. 2008-2011 жылдары Хожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Саясаттану магистірі» дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2002 жылы «Айташ Ай» құрылыс компаниясында қаржы менеджері,

2004-2009 жылдары «Окан Холдинг» компаниялар группасы Бас Директорының қаржы-және экономика жөніндегі орынбасары,

2009-2010 жылдары «КазМунайГаз-Сервис» ЖШС-нің Түркия мемлекеті Стамбул қаласындағы өкілі және «Айсир Туризим ве Иншаат» акционерлік қоғамы Басқарма басшысының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары,

2011-2017 жылдары «КМГ Кашаган Б.В» компаниясында бизнес жоспарлау және экономикалық талдау жасау департаментінің директоры,

2017-2019 жылдары «АБК Мақсат»ЖШС-нің директорының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары болып бір қатар басшылық қызметте қызмет атқарған.

2014 жылы ҰК АҚ  «КазМунайГаз»Басқарма басшысының алғыс хатымен марапатталған.

2014 жылы Қазақстан республикасы Ұлттық рейтингімен «Ерен еңбегі үшін және қол жеткізген жетістіктері» медалімен марапатталған.

Отбасылық жағдайы, үйленген үш ұл бір қыз тәрбиелеп отыр.