Облыс басшылығы жасөспірімдер мен балалар арасындағы суицидті азайту бойынша нақты қадамдарға барды. Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Түркістан облысында былтыр балалар арасындағы суицид көрсеткіші 32%-ға азайған. Осындай пікірмен білікті мамандар Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-інде басталған 76 сағаттық тәжірибеге бағытталған пилоттық жоба аясында басталған курс барысында бөлісті.
Түркістан облысына экономиканың негізгі драйвері болып саналатын 142 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде. Бұл көрсеткіш бойынша өңіріміз республикада 2 орында. Бүгін бұл туралы халық алдында есеп берген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
«Біз алдымызға тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және экономика мен бизнеске қолайлы жағдай жасау арқылы Түркістан облысын дамыту бойынша міндет қойып отырмыз», деген Өмірзақ Шөкеев 2019 жылдың қорытындысы бойынша халық  алдында есеп беру кездесуін бастады.
Орталық еліміз бойынша Нұр-сұлтан қаласындағы «Қазмедиа орталығынан» кейінгі екінші үлкен кешен болмақ.  Заманауи үлгідегі жаңа нысанның құрылысы ақпан айында басталған. Медиа орталық Алматы қаласының Түркістан облысына тартуы.